Қырғызстандағы оппозиция лидері бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов билік орындарын қамауға алынған оппозиция белсенділерін тез арада босатуға шақырды. Сәуірдің 19-ы күні шерулер барысында орын алған зорлық-зомбылықтан кейін бірқатар оппозиция белсенділері тұтқындалған болатын. Елдің Бас Прокуратурасы оппозиция мүшелері, атап айтқанда, Омурбек Субаналиев пен Омурбек Абдырахманов және Әділет Айтикеев екі ай бойы қамауда болсын деп бұйырды.