Accessibility links

Ауған ресмилерінің хабарлауынша, НАТО шабуылынан 13 талибандық мерт болған


Ауғанстан ресмилерінің айтуынша, Хост өлкесінде орын алған НАТО шабуылдарынан 13 Талибан соғысушысы опат болған. Басында талибандықтар сол аймақтағы үкімет ғимаратына шабуыл жасамақшы болған, кейін оларға НАТО күштері әуеден соққы берген. Хост өлкесінің әкімі Арсала Жамал журналистерге берген сұхбатында соғысушылар жұма күні Пәкістан шекарасына жақын жердегі Али-Шер ауданында жергілікті үкімет ғимаратына шабуылдады деп мәлімдеді. Талибандықтар соңғы тәулікте осымен екінші рет үкімет ғимаратына шабуылдарды ұйымдастырып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG