АНКАРА: Бүгін Ауғанстан мен Пәкістан президенттері Х.Қарзай мен П.Мушарраф Түркияда өзара келіссөз өткізуге тиіс. Х.Қарзай мен П.Мушарраф Анкараға кеше келіп аялдады. Бұл келіссөзге түрік президенті Ахмед Сезер дәнекер болып қатысады. Ауған лидері Х.Қарзайдың мәлімдеуінше, Пәкістан өкіметі Талибан қозғалысы мен “Әл-Қаида” ұйымының өз жерінде бас сауғалап жүрген көсемдерін ұстап беруге тырыспайды және тәліп жасақтарының Ауғанстанға қарай өтуіне тосқауыл қоймайды деп айыптаса, Пәкістан президенті П.Мушарраф ондай айыпты теріске шығарып келеді.
Түркия президентінің дәнекер болуымен Пәкістан және ауған президенттері келіссөз өткізеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?