ГАВАНА: Бүгін Куба халқы 1-інші Мамыр мерекесін тойлайды. Мерекелік шараға Куба лидері Фидель Кастроның келетін-келмейтіні әзірше белгісіз. Егер Кастро келе қалса, оның құттықтап сөз сөйлеуі үшін Куба астанасы – Гавана қаласының орталығындағы “Төңкеріс” алаңында биік мінбер салынып қойды. Бірақ “Бостандық аралының” үкіметі 80 жастағы лидердің ішегіне жасалған күрделі операциядан кейін алғаш рет көпшілікке көрінетінін хабарламады. Ф.Кастро билікті уақытша өзінің бауыры Раульге тапсырған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Армения-Әзербайжан шиеленісі
Жарылыс, босқындар және ереуіл. Таулы Қарабақтағы жағдайдың мән-жайы
AzattyqTV