Accessibility links

Бейсенбіде Мысырда Ираққа қатысты конференция ашылады


Бүгін Мысырдың Шарм әл-Шейх курортында Ираққа қатысты екі күндік халықаралық конференция басталады. Келіссөздер барысында сектанттық негіздегі шабуылдарды тоқтату жолдары мен Ираққа саяси қолдау көрсету, қаржылай көмектесу жөніндегі 5-жылдық жоспар мәселесі талқыланбақ. Конференция барысында, сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки бәлки кездесуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG