Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер тағы бір қастандық ұйымдастырып, 1 адам қаза тапты


КАБУЛ: Ауғанстан астанасы – Кабулда қарулы күштердің автобусы алыстан іске қосылатын бомбадан жарылып, оның жүргізушісі қаза тапты, тағы 29 адам, оның ішінде жауынгерлер мен бейбіт тұрғындар түрлі жарақат алды. Бұл қастандықты Талибан қозғалысы өз мойнына алды. Сәрсенбі күні күн батқанда ауған сенаторы Абдул Сабур Фаридты Кабулдағы өз үйінің сыртында атып кетті. Ол – 1990-ыншы жылдары қысқа уақыт болса да премьер-министр болған еді. Бұл қастандықты әлі ешкім өз жауапкершілігіне алған жоқ.
XS
SM
MD
LG