Accessibility links

Ұлттар Ұйымы Иранға қарсы бұрынғыдан да қатаң жаза қолдануы мүмкін


ЛОНДОН: Әлемнің жетекші елдері Иранды уран шикізатын байытуды доғармайтын болса, БҰҰ-ының оған қарсы бұрынғыдан да қатаң жаза қолданатынын ескертті. Батыс елдері Ираннан байытылған уранды ядролық қару жасауға пайдалана ма деп сескенеді. Мұндай қатаң ескерту БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі болып табылатын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Ресей және – Германияның жауапты өкілдерінің кеше Лондонда болып өткен кездесуінен кейін жасалды.
XS
SM
MD
LG