Accessibility links

Еуроодақ екі өзбек белсендісінің түрмеге жабылғандығын айыптады


Еуропа Одағы Өзбекстанда екі адам құқын қорғаушы белсендісінің түрмеге жабылғандығына байланысты алаңдаушылық білдірді. Еуроодақ өз мәлімдемесінде Өзбекстан билігін Гулбахор Тураева мен Умида Ниязоваға қатысты сот шешімдерін қайта қарап шығуға шақырды. Сәуірдің 24-і күні Тураева тиым салынған материалдарды Өзбекстанға алып кірді деген айыппен 6 жылға түрмеге жабылды. Ниязоваға да осыған ұқсас айыптар тағылып, мамырдың 1-і күні 7-жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл екі келіншек 2005-ші жылы Әндіжан қаласындағы наразылық танытушылардың үкімет күштері тарапынан өлтірілгендігі туралы хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG