КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысының әкімі халықаралық НАТО күштерін бейбіт халықты қырды деп айыптады. Әкімнің сөзіне қарағанда, сәрсенбіге қараған түні НАТО-ның соғыс ұшақтары Сангин ауданындағы ауылдың күл-талқанын шығарып, нәтижесінде ауылдың 21 тұрғыны, оның ішінде балалар мен аналары құрбан болды. НАТО күштерінің басшылығы, әзірше, әлгі ауданда шынында да соғыс операциясының болғанын және оның барысында 1 жауынгерінің қаза болғанын ғана хабарлап отыр. Ауған үкіметі соңғы 2 аптаның ішінде НАТО әскерінің соққысынан 90-ға жуық адамның қырылғанын есептеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?