Ауғанстандағы НАТО қолбасшысы АҚШ күштері мен Талибан арасында орын алған қақтығыста қарапайым тұрғындардың қаза тапқанын растады. МакНиллдің мәлімдеуінше, елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінің Сангин ауданында мамырдың 8-і күні болған шайқасқа қатысты қазір тергеу ісі жүргізілуде. Хелманд әкімі Ассадулла Уафаның айтуынша, НАТО ұшақтарының талибандықтарға қарсы шабуылынан 21 қарапайым тұрғын құрбан болған, олардың арасында әйелдер мен балалар да болған.