Accessibility links

“Шекарасыз репортерлер” ұйымы Өзбекстанға енгізілген санкциялар өзгертілмесін дейді


Халықаралық “Шекарасыз репортерлер” ұйымы Еуропа Одағын Өзбекстанға енгізген санкцияларын сол күйінде қалдыруға шақырды. 2005-ші жылы Әндіжанда үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң Еуроодақ Өзбекстанға бірқатар санкциялар енгізген болатын. 13-ші мамыр күні Әндіжан оқиғаларына екі жыл толады. Парижде орналасқан Шекарасыз репортерлер ұйымының мәлімдеуінше, Еуропа Өзбекстандағы энергия көздеріне қол жеткізу үшін адам хұқтарының тапталып жатқандығына көз жұмбауы керек. Мамырдың 14-і күні Еуропа Кеңесі ол санкцияларды қайта қарап шығады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG