Accessibility links

Арменияда парламенттік сайлаулар өтуде


Бүгін Арменияда парламенттік сайлаулар өтіп жатыр. Сайлауда шамамен 2,3 миллион адам дауыс береді деп тіркелді. Биліктегі Республикалық Партия мен тағы басқа үкіметшіл күштер парламенттегі көпшілік орынға қол жеткізеді деген болжам айтылды. Премьер-министр Серж Саркисянның айтуынша, сайлау барысы бірқалыпты өтуде.

“Мен біздің партиямыздың мүмкіндігін өте жоғары бағалаймын. Сайлау біртегіс өтуде. Бұл сайлаудың халқымыз үшін де бақылаушыларға да тарихтағы ең керемет сайлау болуын қалаймын”, - деді Саркисян.

Ұлттық Ассамблеяда 131 орын бар.
XS
SM
MD
LG