ӘН-НАСИРИЯ: Ирақтың оңтүстігіндегі Ән-Насирия қаласында әсіре діншілдердің лидері Мұқтада Ас-Садрдың “Әл-Маһди армиясы” деп аталатын қарулы құрулы құрамасы үкіметтің қауіпсіздік күштерімен қақтығысып қалып, 7 адам қаза тапты. Қаланың денсаулық сақтау мекемесі директорының хабарлауынша, қаза болғандардың екеуі Ирақ жауынгері, қалған бесеуі – бейбіт тұрғындар көрінеді. Бұл қақтығыс кеше түнде жергілікті полиция АҚШ әскері мен Ирақ күштеріне қарсы шабуыл ұйымдастырмақ болды деген күдікпен шийттердің қарулы жасағының 2 мүшесін тұтқындаған кезде шықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?