Accessibility links

Ауғанстандағы тәліптердің бас қолбасшысымен бірге тағы 3 молданың көзі жойылған


КАБУЛ: Ауғанстандағы Талибан күштерінің бас қолбасшысы саналған молда Дадулламен бірге өткен сенбі күні көздері жойылғандардың арасынан таяуда италияндық журналиске айырбасталып босатылған 3 тәліп қолбасының да мәйіттері табылды. Ол жайында ауған шенеунектері хабарлады. Гильменд облысында көзі жойылған 5 тәліптің ішінде – Дадулланың өзімен бірге оның бауыры - Шах Мансур молда, Хамдулла және Гафар молдалар болған. Міне осы үшеуі – италияндық журналист Даниеле Мастроджакомоға айырбасталған 5 тәліптің ішінде болыпты.
XS
SM
MD
LG