Accessibility links

Германияның сыртқы істер министрі Кабулде Ауғанстан президентімен кездесті


Германияның сыртқы істер министрі Франк Уалтер Штейнмайер бүгін Ауғанстан астанасында президентпен кездеспестен бұрын Құндыз қаласында болды. Құндыз қаласында сенбі күні жанкешті жарған бомбадан үш неміс солдаты құрбан болған. Ауғанстан президенті бұл жанкештілік шабуылдарды айыптаған болатын. Ал бұл аралықта Канаданың премьер-министрі Стефен Харпер Ауғанстанға алдын ала хабарланбаған сапармен барды. Хабарларға қарағанда, ол Кабулда жексенбі күні болып, Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездескен.
XS
SM
MD
LG