1911-ші жылы Тәжікстанның шығысында болған жер сілкінісі үлкен көшкінді туындатып, оның нәтижесінде Усой бөгесіні пайда болған еді. Оның әсерінен пайда болған көл теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орналасқан. Оның қазіргі тереңдігі 500 метр, ал ұзындығы 60 километрге жетіп отыр. Бұл Сарез көлінің суы 17 текше километр шамасында, деп есептелуде.
Келесі жер сілкінісі аталған көлді шайқап, оның суы таудан төмен қарай сарқырауы мүмкін, деп ғалымдар мен жергілікті тұрғындар алаңдаушылық білдіруде.
Жергілікті тұрғын Гелос Мамадлоиковтың Азаттық радиосына айтуынша, 1987-ші жылдың 22-тамызында өте үлкен тау жынысы осы көлге түскен екен. 18 миллион текше метрлік ол тас үшке бөлініп, соның кесірінен көл суы 16-17 метрлік толқындарды туындатқан. Геологиялық зерттеу бекеті тұрған жағында көлдің су деңгейі 3-4 метрге көтерілген.
Осы проблемаларға орай Душанбеде мамырдың 22-23 күндері өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысушылар ғылыми қорытындылар мен ұзаққа арналған шешімдерді ақылдасуда. Осындай басқосу бұдан бұрын 1997-ші жылы болған еді. Душанбе конференциясын Тәжікстанның Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар бойынша комитеті және БҰҰ жанындағы Қауіпті азайту стратегиясы ұйымдастырып отыр. БҰҰ-ның осы бөлімшесінің Душанбеде орналасқан Орта Азия офисінің бас кеңесшісі Гүлсара Пулатова:
“Мысалы, көл деңгейін бақылауда ұстаудың бір жолы- одан су құбырын тарту. Сонда ғана көл деңгейі қалыпты жағдайда ұсталып, бұдан былай ол қауіпті болмас еді. Құбыр арқылы айдалған су бейбіт мақсатқа жұмсалатын болады. Мысалы, су-электр қуатын өндіру немесе Амудария және Панж өзендерінің суын теңдікте ұстау бағытында жұмсауға болады”, - деді.
Осы жылдың сәуір айында Бартаң жазығының тұрғындары арнайы дайындықтан өтті. Мақсат- көл тасқыны бола қалған жағдайда бұл аймақтан азаматтардың тез көшіп кетуіне оларды жаттықтыру. Нәтижесінде- небәрі 25 минут ішінде 200-дей ауыл тұрғыны ауылдан кетіп үлгерген екен.
Жергілікті тұрғын Саркор Давлатмаматов «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, ішінде әйелдер мен балалар, қартаң кісілер бар ауыл тұрғындарының осыншалықты тез уақытта көшіп кете алғанына қайран қалды.
“Тұрғындар ұйымдасқан түрде қауіпті аймақтан тез кете алды. Егер шынымен қауіп төнсе, азаматтар ол жерді тез арада тастап шыға алады деген сөз”, - дейді Давлатмаматов.
Дей тұрғанмен көл тасқынын болдырмаудың ең басты жолы - ол қатердің алдын-алуға қажетті қаржының болуы. Алайда, Сарез көлі қаупінің алдын-алу ісіне қажетті қаржыны Тәжік үкіметінің қалтасы көтермейді. Демек Тәжік ресмилері мен тұрғындары және қызығушылық танытушы топтар қаржылық қолдауды халықаралық қауымдастықтан іздестіруі мүмкін. Ол көмектер Памир тауында тасығалы тұрған көлді ауыздықтау үшін мүмкіндіктер туғызар еді.