АҚШ президенті Джордж Буш Иран уран байытуын тоқтатпай қойды, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің талабына көнбеді, Иранға қарсы көбірек санкция қолдану керек деп мәлімдеді. Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран ядролық қару өндіргісі келсе, ең бері үш жылда, ең ары сегіз жылда мұның нәтижесін шығара алатын жағдайда деді. Агенттік директоры Мұхамед Ел Барадей Иран ядролық бағдарламасын бақылау қиындап барады, себебі Иран тиісті мәліметті ашпай отыр деді. Мұхамед Ел Барадей халықаралық қауымдастық күш салып, Иранды өз-ара сөйлесуге ынталандырса жөн деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV