Accessibility links

Ливан армиясына шет елдерден әскери көмек келіп жатыр


БЕЙРУТ: Ливан армиясының исламшыл күштеріне тойтарыс беруіне қажетті шетелдердің әскери көмегі тиілген жүк ұшақтары бүгін Бейрут әуе жайына келіп қонды. Ливан шенеунектері бұл көмектің қайдан келгенін ашық айтпады. Әйтсе де бұл көмек Ливан үкіметінің қосымша көмек сұраған өтінішін АҚШ-тың қарастырғанын мәлімдеуінен кейін келіп жатыр. Батыстың қолдауына сүйенген Ливан премьер-министрі Фуад Синиора бейсенбі күні Триполи қаласының маңындағы Палестина босқындарының лашеріне бекініп алған ислам экстремистерінің көзін жоюға ант-су ішкен болатын.
XS
SM
MD
LG