Accessibility links

Украина президенті Киевтегі қоғамдық тәртіпті күшейтуге кірісті


КИЕВ: Бүгін Украина президентіне бағынатын 2 мыңнан асатын ішкі әскер елді саяси дағдарыстан шығару проблемасын талдау үшін президент В.Ющенко мен премьер-министр В.Януковичтің және Жоғарғы Раданың спикері Олександр Мороздың 3 жақты келіссөзі өтіп жатқан Киевке орналаспақшы. Бүгін өткізген баспасөз-маслихатында ішкі істер министрі Василь Цушко ішкі әскерді қалаға орналастыруға өзінің келісімін бермегенін және “оған өз бетінше шешім қабылдаған ішкі әскер басшылығы жауап беретінін” мәлімдеді. Президент Ющенко ішкі әскерді өзіне бағындыратын жарлыққа кеше қол қойып, В.Януковичпен арадағы теке-тіресі ушыға түсті.
XS
SM
MD
LG