Америка Құрама Штаттарының қолбасшылығы Ирақта кеше сегіз америкалық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. Бағдадта бүгін екі бомба шабуылынан кемінде 32 адам қаза тапты, 40 шақты адам жарақат алды. Мұның сыртында Бағдад орталығында орналасқан қаржы министрлігінен үш шетел оқытушысы ұрланды. Куәлардың айтуынша, оларды полиция киімін киген қарулы адамдар алып кетті.