СИРТЕ: Британ премьер-министрі Тони Блэр Ливия президенті, полковник Му’аммар Қаддафимен келіссөзінен кейін, мұнайға бай Ливиямен арадағы қарым-қатынасының “толық қайта жаңғыруын” ыстық ықыласпен қабылдады. Үкімет басынан кетуіне 1 айдай қалған кезінде Африканың 3 мемлекетіне сапарға шыққан Т.Блэр теңіз жағалауындағы Сирте қаласында бүгін Ливия лидерімен келіссөз өткізіп, оны “оңтайлы да үйлесімді келіссөз болды” деп бағалады. Сондай-ақ Ливия ағылшындардың ВР мұнай компаниясымен арада шикізат барлау туралы 900 млн. долларлық келісімге қол қоятынын хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты