Accessibility links

Босниядағы 8 мыңдай мұсылман ері мен ұлының қырылуына Голландия мен БҰҰ жауапты


ГААГА: Боснияның “Сребреница қырғыны” құрбандарының мыңдаған туысы қырғын кезінде бейбіт халықты қорғаудан жалтарғаны үшін Голландия мен БҰҰ-ын сотқа беруге тиіс. Адвокаттардың мәлімдеуінше, мұсылмандар тұрған мекеннің күйреуі мен сол мекендегі геноцидке жол берілгені үшін Голландия мен БҰҰ-ы бірге жауап беруге тиіс. 1992/1995-інші жылдардағы “Босния соғысы” кезінде Сребреница мекенін БҰҰ-ының бітім күштері мен голланд армиясының бөлімі қорғап тұрған болатын. 1995-інші жылдың шілдесінде Босния сербтерінің әскері 8 мыңға жуық мұсылман ері мен ұлын қырып салды.
XS
SM
MD
LG