Accessibility links

Қазақстан 1-інші президенті Шешенстанның 1-інші президенті орденімен марапатталды


АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаев Шешенстанның ең жоғарғы наградасы болып табылатын Ахмад қажы Қадыров атындағы орденмен марапатталды. Астанада сапарда жүрген шешен президенті Рамзан Қадыров Н.Назарбаевтың Шешенстанның бірінші президенті атындағы орденмен 2-інші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған шешен халқын қолдағаны, Шешенстан мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін және Грозный қаласында баспана салуға көмек бергені үшін марапталғанын атап көрсетті. Қазір Қазақстанда 30 мыңдай чешен азаматы тұрады.
XS
SM
MD
LG