Accessibility links

Түркіменстан президенті Иранға бармақшы


Теһраннан келіп түскен хабарларға қарағанда, Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов Иранға мемлекеттік сапар жасау туралы шақыруды қабылдаған. Иранның ресми ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бердымұхаммедов Иранға маусымның 16-ы күні келмекші. 2-күндік сапары барысында ол Иран президенті Махмұд Ахмадинежад және елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеймен кездесуді жоспарлап отыр. Келіссөздерде екі ел арасындағы энергетика, транспорт, сауда, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG