Accessibility links

Косовоға халықаралық басшылық жасалатын тәуелсіздіктің берілуін өте қолдайтындығын АҚШ президенті Джордж Буш тағы да қайталады


Косово туралы кез-келген сөйлесулер нақты тәуелсіздік жөнінде болуы тиіс, деді ол Албания үкімет басшысы Сали Беришамен Тиранадағы біріккен баспасөз мәслихатында. Аймақ өз тәуелсіздігіне ұмтылып жатқан тұста Косовода тыныштық пен бейбітшіліктің орнығуына көмектесуге Буш мырза Албанияны шақырды. Ол сондай-ақ Албанияның НАТО-ға мүшелігін қалайтындығын, ол үшін ресми Тирананың реформаларды жалғастыруы тиіс екендігін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG