«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ерлан Атамқұлов өз қызметінен мамыр айының соңында босатылған болатын. Оның орнына, ұлттық компанияның жаңа басшысы болып, Жақсыбек Құлекеев тағайындалды.
2002 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сол кездегі басшысы Аблай Мырзахметов пен компанияның бірнеше басшылары сотталып, бірақ кейін ақталып шыққан болатын. Енді Қазақстан бас прокурорының ресми өкілі Сапарбек Нұрпеисов тағы да 2002-2006 жылдарғы атқарылған жұмысқа жасалған тексеріс қортындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының үстінен 21 қылмыстық іс қозғалғанын жариялап отыр. «Азаттық» тілшісі Қазақстан бас прокурорының баспасөз хатшысы Сәулебек Жамкеновті сұхбатқа тартқан едік.
- Тексеру барысы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының бұзылуы етек алғанын көрсетті. Атап айтқанда, елу алты миллиард теңгеден астам сомаға жүргізілген әр төртінші конкурста заң бұзушылықтарға жол берілген. Бұл ретте, бағаны әдейі жоғарлату және конкурстың құжаттарын белгілі бір тауар жеткізушіге арнайы әзірлеу фактілері анықталған. «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылары сыбайлас тұлғалардың мүдделерін ашықтан-ашық қолдап, оларға шарттың орындалуы кезінде қолайлы жағдай жасап отырған. Сонымен қатар, тексеріс «Қазақстан темір жолы» қоғамында тауарды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету көбінесе конкурссыз өткізілгенін анықтап берді. Мәселен, «Локомотив-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Локомотивтік қызмет көрсету орталығы» акционерлік қоғамынан конкурс өткізбей-ақ, бір миллиардтан астам теңгеге локомотивтік тасымал қызметін сатып алу жүзеге асырылған. «ТрансРемДорСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 170 миллионнан астам теңгенің шпалдары да дәл осындай жолмен жеткізілген. Мұндай фактілер жетерлік. Осы тексеру барысында прокуратура органдары барлығы жиырма бір қылмыстық іс қозғады. Қаржы полициясы органына қылмыстық істерді қозғау жөніндегі мәселелерді шешу үшін жиырма бір материал жолданды. Анықталған заң бұзушылықтарды, олардың себептері мен алғышарттарын жою жөнінде мемлекеттік активтерді басқарып отырған «Самрұқ» холдингі алдына мәселе қойдық.
- Ал тікелей компания президентінің қылмысы жайлы не айтқан болар едіңіз?
«Қазақстан темір жолы» президентінің бұйрығымен директорлар кеңесінің шешімінсіз 2002 жылдан 2006-шы жылға дейінгі кезең ішінде басқару мүшелеріне 331 миллионнан астам теңгеге заңсыз бонустар мен жеке қосымша ақы берілген.
- Осы жағдайда Ерлан Атамқұловтың да үстінен қылмыстық іс ашылуы мүмкін бе?
- Оған қарсы қылмыстық іс ашылуы әбден мүмкін. Бірақ, оған қарсы қылмыстық іс әзірге ашылған жоқ. Дегенмен, жоғарыда айтқанымыздай, қаржы полициясына 21 іс жіберілді, онда компанияның бұрынғы президенті Е.Атамқұлов та аталады.
- Сіз әңгіме басында бұл тексеріс қортындысы қаңтар-ақпан айында белгілі болған дедіңіз. Ондай болса, оның қортындысын енді ғана жариялауға не себеп болды?
- Бұл тексеру әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі жариялап отырғанымыз бірінші кезеңі ғана, анықталды дегені ғана. Алда тағы да осындай істер қаржы полициясына берілуі әбден мүмкін.
Сонымен, бір қарағанда қатардағы экономикалық қылмыстық іс сияқты болып көрінетін бұл істі қазақстандық кейбір сарапшылар оның астарында саясат жатыр деген ой айтады. Алматыда орналасқан Тәуекелді зерттеу орталығының директоры Досым Сәтпаев:
- «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының үстінен ашылмақшы қылмыстық істі, менің жеке пікірім, тек қана экономикалық қылмысқа, не жемқорлыққа қарсы бағытталған іс деп қарамаймын. Бұл Ұлттық қомпанияның тізгініне таласқан элита аралық қақтығыс дер едім. «Нұрбанк» төңірегіндегі дау да соның бір көрінісі. Бұл жерде осы сотқа тартылып отырған адамдар сол қақтығыстың құрбандары ғана, - дейді Сәтпаев.
Ал оппозициялық көзқарастағы журналист Ермұрат Бапи мырза «бұл сот ісі елде орын алып отырған соңғы дау – Рахат Әлиев төңірегіндегі даудың жалғасы» дейді.
«Бұл сот ісінің ашылуы - Қазақстанда қазір болып жатқан оқиғаларға қатысы бар ма деген ой туады менде. Мәселен, Рахат Әлиевке қатысты істегі таразының екінші басындағы адамдарды және осы істі түбіне дейін жеткізуге мүдделі болып жатқан топтарды тәубасына түсірудің амалы ма деген ой келеді. Себебі, бұрындары да баспасөзден белгілі болғандай, осыдан 4-5 жыл бұрын Ерлан Атамқұлов пен Иманғали Тасмағамбетов арасындағы бірлескен бизнестік қарым-қатынастың бар жөнінде көптеген басылымдарда айтылды. Сонымен бірге, Тасмағамбетов, Рахат Әлиевтың бет пердесін ашқан, Назарбаевқа соны түсіндіріп жеткізген адам ретінде қазір баспасөзде айтылып жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, бұл бәлкім Атамқұловтан бұрын Тасмағамбетовке бағытталған, оны сабасына түсіруге, оны мына Әлиевке қатысты істі ары қарай ушықтырмауға итермелеу амалы ма деген ой келеді. Сондықтан бұл сондай мақсатты көздеген саяси-қылмыстық акция ма деп ойлаймын өз басым.
Тура осындай ойды кезінде темір жол компаниясының былықпайлары туралы көп жазған «Республика» газетінің редакторы Галина Дырдина да айтады. Сонымен қазақстандықтардың назарына даулы болады деген созылмалы тағы бір сот ісі ұсынылып тұрғандай.