Олимпиада тауарларын шығаратын Қытай зауыттары балалар еңбегін пайдаланып және оларға ең төменгі жалақыдан да төмен ақша төлеп жатыр деп, кәсіподақтар мен еңбек топтарының Ережемен ойнау атты әлемдік одағы мәселе көтерген болатын. Мұндай іспен айналысқан кез-келген компаниямен келісім-шартты бұзатындықтарын олимпиада ұйымдастырушылары ескертті.