Accessibility links

АҚШ-тың демократ сенаторлары Иранға соққы беруге қарсы


ВАШИНГТОН: АҚШ сенатындағы көпшілікті құрайтын демократтардың лидері өзге бір сенатордың Иранға соққы беру туралы ұсынысын қабылдамады. Сенаттағы көпшіліктің лидері Гарри Рид, thinkprogress.org интернет-сайтына берген сұхбатында, “Иранға қарсы соғыс қимылдары Таяу Шығыстағы ахуалды ушықтыра түсетінін атап көрсетті. Оның алдында жексенбі күні тағы бір белгілі сенатор Джозеф Либерман Ирақтағы АҚШ әскеріне қарсы тұрған Ирақ көтерілісшілерін Иранның жаттықтыруы мен қару-жарақпен жабдықтауына бөгет қою үшін Америка Құрама Штаттары күш қолдануға әзір болуға тиіс деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG