Accessibility links

АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Ресейдің қытығына неліктен тиеді?


«АҚШ жағалауына жете алатын зымырандары бар Иран мен Солтүстік Кореядан басқа 24 елде осындай зымырандары бар және бұл қауіп тудырады». Астанада маусымның 11 күні «Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастаманың» 3 кездесуінде АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Руд осындай пікірін білдірді. Ал, Ресей тарабы Әзірбайжанда Ресей әскерімен қадағаланатын радарды пайдалануды кезекті рет ұсынды.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Рудтың айтуынша «АҚШ позициясына сәйкес, АҚШ және оның одақтастарына төнетін зымырандарды қолдану қаупі өсіп келеді. «Тек өткен жазда Солтүстік Кореяда бірнеше зымырын сынағын байқадық. Олардың «Теуподонг-2» зымыраны АҚШ жағалауына жете алады. Сол кезден бері АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін іске қосқан», деді Руд. «Иранда өздерінің зымыран қаруын дамыту жұмыстары жалғастырып келеді. Және бұған тек өз ғылыми күштеріғана емес шетелдік көмекте тартылып жатыр. Иранның өзге елдерден осындай қарудың толық жүйесін сатып алып жеткізу мүмкіншілігінде ескеру керек», дейді Руд. Иранмен осындай зымырандары бар Солтүстік Кореяның сыртында тағы 24 елде осындай зымырандары бар немесе олар осындай қаруды жасау үстінде және қарудың техникалық дамуы тез өсіп келеді, деді АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Руд.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ ойлағандай зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Чехиямен Польшада орнатудың орнына Әзірбайжанды пайдалануды ұсынған. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляктың айтуынша президент Путин Әзірбайжанда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнатуды ұсынған жоқ. «Ол Габала мекеніндегі радар мүмкіншілігін пайдалануды ұсынды. Бұл радар Кеңес одағы кезінде салынған, қазір Ресей оны жалға алған. Және Ресеймен қадағаланып Ресейлік қарулы күштерімен қызметке алынған», деді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк.

Кисляктың айтуынша президент Путиннің ұсынысының мағынасы Ресейдің стратегиялық қызығушылығына қауіп төндіретін тарату қажеттігін жою.

«Ұсыныс жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйе жасауда емес, үшінші мемлекет территориясында біз мұндай ұсынысты жасайда алмаймыз», деді ол. «Ұсыныс зымыранды таратпау мәселесінде болжау жасау үшін қазіргі бар радарды пайдалануда жатыр. Бұл радар уақытпен тексерілген, тиімді, Таяу және Орта Шығыс ауданындағы кез келген зымыран шығуын және жаңа зымырандар пайда болуы мүмкін ауданды қатағалауға мүмкіншілік береді, дейді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк.

Америка тарабы АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі төңірегінде Ресеймен ынтымақсатыққа қызығушылық білдіреді, деді. «Путин ұсынысы маңызды әрі қызық бұл мәселе мамандар деңгейінде талқылаумен жалғасады деген үміттеміз», деді АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Руд.

Өз кезегінде Руд зымыранға қарсы шектеулі қорғаныс жүйесі бірден бірнеше фунция атқаратындығын жеткізді. «Біріншіден ол зымырандарды қолдануды тежейді. Екіншіден, осы жұмыстармен айналысып жатқан елдерді райынан қайттыруға көместеседі. Үшіншіден, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі зымырандарды ұстап алуға шамасы жетеді, дейді АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары. «Зымыранға қарсы қорғаныс жүйені Еуропада орнату мәселесі НАТО-да бірнеше рет барлық серіктермен талқыланған. Олардың барлығы қауптің бар екендігімен келіседі», деді Джон Руд.

Өз кезегінде Ресей тарабы жуық арада Чехия мен Польшада үшінші позициялық ауданды жасауға себеп болатын қауіп мүлде жоқ деген ойдамыз, деді. «Егерде бұл бағытта қауіп болмаса онда үшінші ауданға қойылып отырған мақсат бізге түсініксіз. Бұл жерде біздің пікіріміз американдық әріптестерімізбен ұштаспайды, деді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк.
XS
SM
MD
LG