38 жастағы АҚШ азаматы Менахем (Марк) Сайденфельд Қазақстанда компьютер, интернет жаңадан келіп жатқан уақытта «Арна», «Рахат Телеком», «Казинтел» компанияларының жетекшісі болған. Бұл компаниялардың қазіргі сауда белгісі «Дукат» атымен танымал. «Қазақтелекомның» бақталасы болған осы компаниялардың акциялары 2004 жылы сатылып, ол компанияға жаңадан келген басшылар жүргізген тексеру нәтижесінде бұрынғы басшыға бірқатар кінә тағылған. 2004 жылы наурыз айында Алматы қаржы полициясы Сайденфельдке қарсы қылмыстық іс ашқанда, ол АҚШ-қа кеткен еді. Ал Қазақстан оған халықаралық іздеу жариялап, Сайденфельд 2006 жылы Ресейдің Благовещенск қаласында ұсталып, сол жылы күзде Қазақстан бас прокуратурасының сұрауына сәйкес Қазақстанға берілген болатын. Бір жарым жылдай уақытқа созылған тергеу-тексеруден соң биылғы маусымның 15-күні Алматыда ашық жағдайда сот ісі басталды.
«Сайденфельд мырзаға екі эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Біріншісі – құжаттарды алмастыру, екіншісі, қаржылық активтерді бұрмалап көрсету, яғни фальсификациялау – компанияның қарыздарын «кіріс» деп көрсету бойынша айып тағылып отыр. Сол бұрмалаудың кесірінен біздің компания қазір «Қазақтелекомға» қарыз төлеп отырмыз. Құжаттарды алмастыру арқылы ол шын мәнінде арзан бағаға сатып алған құрал-жабдықтарды «қымбат бағаға сатып алынды» деп көрсету арқылы қаржыны жымқырған деп айыпталып отыр», - дейді бұрынғы «Арна», қазіргі «Dukat» компаниясының бас директоры Гүлмира Рақымжанова.
Ал Сейденфельдтің жақтаушысы Бауыржан Бұқанов бұл айыптармен келіспейді.
«Айып тағушылар менің қорғауымдағы Сайденфельдке негізсіз айып тағып отыр. Ол компанияның бас директоры кезінде тиісті құрал-жабдықтарды сатып алған, ол жабдықтар қазір де жұмыс істеп жатыр. Бірақ, бәлкім ол сауда-саттық құжаттары кезінде дұрыс толтырылмаған да болуы мүмкін, сондықтан түсініксіз себептермен ол жабдықтарды алуға жұмсаған қаржыны «жымқырған» қаржы деп отыр. Біз онымен, әрине, келіспейміз және сотта оны дәлелдеп бағамыз» дейді адвокат Б.Бұқанов.
Сондай-ақ, Бұқанов бұл сот ісінің астарында ешқандай да саясат жоқ деген ой айтады. Сот төрағасы Зәуре Кейкібасова рұқсат бергеніне қарамай, Сайденфельдтің өзі «Азаттық» тілшісіне қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Сот отырысының бірінші күні жалпы істің мән-жайымен танысып, куәлар мен сарапшылардан сұрақ алумен өтті.