Accessibility links

Палестинаның жаңа үкіметі бүгін қызметіне кіріспек


Америка Құрама Штаттарының үкіметі Палестинада "Хамас" тобы қатыспайтын жаңа үкімет құрылса экономикалық шектеуді алып тастаймыз деп мәлімдеді. Бұрынғы бас министр басқаратын "Хамас" тобы ел президентіне қарасты "Фатах" тобымен шайқасып, бейсенбі күні Газа секторын өзіне қаратып алды. АҚШ үкіметі экономикалық шектеулерін былтыр наурыз айында Палестина үкіметінің басына "Хамас" тобының өкілі келгенде еңгізген. АҚШ-тың Иерусалимдегі бас консулы Джакоб Уелс эмбарго келесі аптаның басында алынуы мүмкін деді. Палестинаның жаңа үкіметі бүгін қызметіне кіріседі делініп отыр.
XS
SM
MD
LG