Accessibility links

"Ислам әскері" тұтқынды өлтіреміз деп ескертті


Газа қаласында ББС компаниясының тілшісі Алан Джонстонды кепілдікті ұстап отырған топ тұтқынды өлтіреміз деп мәлімдеді. Өзін "Ислам әскері" тобының өкілімін деп таныстырған азамат ескертуін "Әл-Жәзира" телекомпаниясында жарияланған бейнежазу арқылы айтты. Ол британиялық журналисті босату жөнінде келісім болды деген мәліметтер шындыққа сай емес, "Ислам әскері" тобына қауіп төнсе тұтқынды өлтіреміз деді. Британиялық журналист Газа қаласында 12 науырызда ұрланған болатын.
XS
SM
MD
LG