АСТАНА: Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаев парламентті таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім шығарды. Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттарын партия тізімдері бойынша сайлау 18-інші тамызға, ал депутаттарды Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайлау - 20-сыншы тамызға тағайындалды. Оның қарсаңында саяси реформаларды “жеделдету үшін” парламентті таратуды өтініп Мәжілістің өзі президентке хат жолдаған болатын. Қазақстанның саяси оппозициясы ресми биліктің парламент сайлауын осылайша күтпеген жерден өткізетінін сезіп, сайлауға бірігіп түсу қамына кірісіп те үлгерді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?