Өткен аптада Аббастың жақтастарына Батыс жағалуды қалдырып, Газа секторын өз бақылауына алған Хамас ұйымымен ешбір келіссөздер болуы мүмкін емес дейді Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас. Теледидардан берілген сөзінде Аббас Хамас исламдық ұйымын төңкеріс жасап, Газа секторында жеке мемлекет орнатпақшы болды деп айыптап, мұдай әрекеттер палестиндіктердің тәуелсіз ел болу жолындағы үмітіне балта шабады деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ Хамас тобын мамыр айында Газа секторына бармақ болған сапарында өзіне қарсы қастандық жасамақшы болды деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV