Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында шамамен 130 килограмм есірткі тәркіленді. Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, шекара күзетшілері дүйсенбі күні шекарадан заңсыз өтпекші болған бір топ адаммен атысқан. Әлгі алдамдар кейін 75 килограмм апиын мен 40 килограмм марихуананы тастап Ауғанстан жағына қашып кеткен. Дәл сол күні Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жүргізілген операцияда 14,5 килограмм наша тәркіленген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?