«Азаттық» радиосы орыс редакциясының хабарлауынша, Ресей сыртқы істер министрлігі қаржының банкке өткізілгендігін растаған. Пхеньян ақпанда қарусыздану бағытында қол жеткізілген келісімді орындаудың негізгі шарты ретінде осы мәселені алға тартқан. АҚШ-ың Солтүстік Кореядағы ядролық елшісі Кристофер Хилл Токиода, журналистер алдында Пхеньян үш аптаның ішінде даулы Енгбион ядролық реакторын жабуы мүмкін деп айтты.