Accessibility links

Иранның ядролық мәселесі бойынша бас өкілі Еуроодақтың сыртқы саясат басшысымен кездеседі


Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Әли Ларижани бүгін Лисабонда Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Соланамен кездеседі. Кездесу барысында Иранның даулы ядролық бағдарламасы мәселесі талқыланады. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Мохаммед ел-Барадей мен Әли Ларижани Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты сауалдарды қалай шешуге болатыны жөнінде екі айдың ішінде жоспар жасауға келісті. Мохаммед ел-Барадей жұма күнгі кездесуді “қанағаттанарлық” деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG