ВЕНА: 26-ншы маусым – нашақорлыққа қарсы күрестің Халықаралық күні болып табылады. Ресейдің есірткіні қадағалайтын федералдық қызметінен “Интерфакс” агенттігіне хабарлағандай, осы күні Ресейдегі нашақорлардың саны 6 миллионнан да асқан, Ресейде есірткіні тым көп пайдаланудан жыл сайын 100 мыңға тарта адам қаза болады. Ресейде астыртын сатылатын есірткінің денін героин, марихуана және синтетикалық есірткілер құрайды, героиннің басым бөлігі - Ауғанстаннан келіп түседі. БҰҰ-ының есебі бойынша, бүкіл әлемдегі нашақорлардың саны қазір 200 миллионнан асып жығылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV