ВАШИНГТОН: Кеше Дүниежүзілік банктің директорлар Кеңесі Роберт Зелликті өзінің президенті етіп сайлады. Жаңа президент басты назарын Африканың проблемаларына аударатынын мәлімдеді. Р.Зеллик - өзінің көңілдес әйелін қызмет бабымен жоғарылатып, банктің ішкі ережесін бұзғаны үшін қызметінен босатылған Пол Вулфовицтің орнына сайланып отыр. Дүниежүзілік банктің президенті лауазымына үміткерді, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, банктің бас акционері болып табылатын АҚШ ұсынады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты