ПХЕНЬЯН: Солтүстік Корея халықаралық инспекторлардың Йенбондағы ядролық реакторына баруына рұқсат берді. Ол жөнінде бүгін Жапонияның “Киодо” агенттігіне Солтүстік Кореяда жүрген МАГАТЭ инспекторларының жетекшісі Олли Хейнонен хабарлады. Бұл МАГАТЭ инспекторларының коммунистік Кореяға 2002-нші жылдан кейін алғаш рет келуі болды. Осы жылдың ақпан айында Бежинде болып өткен 6 жақты келіссөздің нәтижесінде ресми Пхеньян, егер өзіне экономикалық көмек берілетін болса, Йенбондағы реакторын тоқтатып, ядролық бағдарламасын жабуға келіскен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV