Журналистік ұйым өкілдері министрлік енгізген өзгерістерден кейінгі БАҚ туралы заң жобасындағы жаңа бұқаралық ақпарат құралының ашылуына қажет рұқсат жүйесінің қаталдану, тіркелу кезінде ақшалай кепілдік беру және дербес бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын тоқтату қаупіне үрейленіп отыр. Сондықтан заң жобасын әліде талқылау керек, дейді журналист, заңгер және президенттің жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия сарапшысы Марат Башимов:
- Мысалы, бас редактор ол күнделікті еңбек құқының нормалары ғой, бүгін кетті, шартпен қол қойдың - бітті, ал қазіргі заң бойынша сен барып министрліктен рұқсат сұрауың керек, ол дұрыс емес. Екіншіден, ескерту емес рұқсат сұрау деген біздің конституцияға және халықаралық шарттарға сәйкес келмейді, сөз бостандығын шектейді.
Башимовтың айтуынша, мемлекеттік қадағалауды мүлде алып тастаудың қажеті жоқ, бірақ, халықаралық стандарттарға қайшы келетін заң нормаларының қажеті шамалы:
- Алып тастау керек ол нормаларды, ал бақылауды жасау керек. 50 пайыз қазақ тілінде орындамайсыңба жауып тастау керек, заң тілінде.
Ал Қазақстанның ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Саят Нұрахметов бұл пікірмен келіспей отыр:
- Осы уақытқа дейін енгізілген өзгерістер мүмкін кейбір жерлерде шектеу жасаған шығар, бірақ, ол керекті шара. Ешкімнің газет не журнал шығаруына бұл шектеу болған емес. БАҚ-тың меншік иелері жұртқа ашық болу керек. Осы уақытқа дейін тіркеу рәсімдері оны қарастырмаған. Соңғы жылдары енгізілген өзгерістерге байланысты қазір сол мәселелерді анықталып толығымен айтуға болады. Біз білеміз кім меншік иесі, ең болмаса қағаз жүзінде.
Ал, БАҚ туралы заңға өзгерістерді енгізу жұмыстарына сарапшы ретінде қатысып жүрген «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовтың айтуынша заңда мемлекеттік тапсырыс туралы нақты нормаларды ескеру керек:
- Мемлекеттік арна мемлекеттің қаржысы бірінші кезекте ағартуға жұмсалу керек. Өйткені Қазақстанда сол мемлекеттік арналарды қаржыландыратын тек бір партия өкілдері емес бүкіл халық салық төлеушінің қаржысына мемлекеттік арналарға мемлекеттік тапсырыс беріліп отырады. Сол себептен заңда мемлекеттік тапсырыс не үшін берілетіндігін айтуымыз керек.
Бәйменовтың айтуынша журналистік ұйымдарғада ақпарат министрлігінеде тиімді жол табуға болады:
- Сол себептен мемлекет арнайы мәдениет және ағартушы телеарна ашу керек, ал қалған бағыттағы ақпарат ол жеке меншіктердің жұмысы. Олар өздері үшін жұмыс жасауы тиіс. Бірақ, кез келген жеке не заңды тұлға тек бір телеарнаға ие бола алады деп шектеп қою керек.
Ал, «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті Жұмабек Кенжалиннің айтуынша мемлекеттік тапсырысқа бөлінетін қаржы барлық бұқаралақ ақпарат құралдарына беріле бермейді, екіншіден, ақпарат таратуда тек кемшілік емес басқада мәлімет таратылу керек, дейді Жұмабек Кенжалин:
- Мемлекеттік тапсырыс деп отырғанымыз мемлекеттің саясатын жүргізіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін тапсырыстар. Мысалы, біздің еліміздегі оң тәжірибедегі оң бағыттағы мемлекет, парламент, тарапынан, үкімет тарапынан, жалпы мемлекет атынан жұмыс істейтін адамдардың осы бағыттағы сол газет, журнал, телевизия бетінде көрсетуге берілетін тапсырыстар. Оны жарнамалық акция деп түсіндіруге болмайды, ол қате түсінік. Біз осы мемлекетте отырғансоң оның түтіні түзу шығуы керек. Бізде тек қана кемшілік емес, оң тәжірибелер көпқой, соны жақсылап көрсету керек. Елу елдің қатарына не үшін кірейін деп жатырмыз, жақсылығымызды, жасампаздық әрекетімізді көрсетуіміз керек, сол үшін.