ТЕҺРАН: Ресейдің мемлекет меншігіне қарайтын “АтомСтройЭкспорт” компаниясының жоғары лауазымды өкілдері Иранның Бушеріндегі атом-электр стансасының құрылысы бойынша келіссөз өткізу үшін Теһранға келді. Өткен наурыз айында Ресей ресми Теһранның ақша төлеуден бас тартуы салдарынан әлгі атом-электр стансасының құрылысын доғаратынын мәлімдеген болатын. Бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Мохаммад Әли Хосейни хабарлағандай, бүгінгі келіссөздің барысында әлгі құрылысты аяқтауға қатысты “қалған мәселелер” талданады.
Ресей мен Иран өкілдері Бушердегі атом-электр стансасының құрылысын аяқтау мүмкіндігін талқылайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV