Мешітте болған қақтығыста кеше 11 адам қаза тапты, 150 шақты адам жарақат алды. Полиция радикалды бағыттағы шәкірттермен бірнеше сағат қақтығысты. Полиция мешіт ішінде әлі бекініп отырған шәкірттер қаруын тастасын деп талап қойды. Ішкі істер министрінің орынбасары Зафар Уаррайх Қызыл мешіттің өзіне айып тақпаймыз деп мәлімдеді. Қызыл мешіт ұстаздары мен шәкірттері қатаң ислам тәртібін орнату керек деп нәсихат жүргізіп келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?