Accessibility links

Бұрынғы Босния генералы Рәсім Деличтің соты уақытында басталады


Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаага сотында дүйсенбі күні бұрынғы Босния генералы Рәсім Деличтің соты басталады. Прокуратура сот мәжілісін Сараево қаласында өткізген жөн, Гаага қаласына көптеген куәгерді шақыру қиынға соғады деген. Сот төрешілері тыңдауды кейінге қалтырмаймыз, сот дүйсенбі күні Гаагада басталады деді. 1992-1995 жылдары Босния мұсылмандарының қолбасшысы болған генералы Рәсім Делич адам өлтірді, әйел зорлады, зорлық жасады деп айыпталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының сотында басқа да Босния мұсылмандарының басшылары жауап беруге тиіс.
XS
SM
MD
LG