Accessibility links

Пәкістанның исламшыл күштері Қытай азаматтарына жиі қастандық жасап жүр


ПЕШАВАР: Жексенбі күні кешкісін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында белгісіз қарақшылар Қытайдың 3 азаматын атып кетті. Полицияның хабарлауынша, 4-інші қытайлық жараланды. Олар қаланың шетіндегі авторикша құрастыратын зауытта жұмыс істеген. Пәкістанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны “қытайлықтарға қарсы террористік қастандық” деп бағалап, оған наразылығын білдірді. Соңғы жылдары Пәкістанда Қытай азаматтарына қарсы бірнеше қастандық жасалып, барлық жауапкершілік исламшылдарға жүктеліп келеді.
XS
SM
MD
LG