Accessibility links

Иранда зинақорлық жасады деп табылған азамат таспен атып өлтірілді


Иранның Такестан қаласында Джафар Кеяни деген азамат зинақорлық жасады деп табылып, таспен атып өлтірілді. Оқиға шілденің бесінде орын алыпты. Иран заңы бойынша күйеуінің не әйелінің көзіне шөп салу, зинақорлық жасау қылмыс, кінәлі деп табылған адам өлім жазасына кесіледі, жаза таспен ату арқылы іске асады. Таспен атып өлтіру жазасы тоқтатылсын деген қаулы осыдан бес жыл бұрын шықса да, Иранда өлім жазасының мұндай тәсілі әлі күнге дейін қолданылады.
XS
SM
MD
LG