Accessibility links

Шымкентте ВИЧ жұқтырған 119 баланың қатарына қосылған екі баланың дерт ошағына қатысы болмай шықты


Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ дертін жұқтырған 119 баланың екеуінің қатерлі ауруды облыстық қан орталығында емес, өзге жолдармен жұқтырғандығы анықталды. Бұл жайында 10 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының қызметкері «Азаттық» радиосы тілшісіне берген сұхбатында айтты. СПИД орталығының хабарлауынша, мұндай шешімге дәрігерлер балаларға қосымша зерттеулер жүргізгеннен кейін барып келген.

10 шілде күні «Азаттық» радиосы тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының өз атын атағысы келмеген қызметкері ВИЧ дерті тараған ошақтан жұқтырды деп келінген 119 баланың екеуінің қатерлі ауруға өзгеше жағдайда душар болғанын хабарлады.

- 1-ші баладағы ВИЧ дерті қосымша зерттеулердің нәтижесінде анықталды. Оның әкесінің де, шешесінің де бойында ВИЧ болған. Ал екінші, 2 жастағы бала туылғаннан бері Ташкентте емдеуде болған. Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына түскеннен соң, одан бірден ВИЧ-ке анализ алынып, бірінші күні-ақ, оның ауруын анықтаған. Сонымен, бұл екі баланың да ВИЧ дертін жұқтырғандар ошағынан емес екендігі анықталды. Алайда бұл оларға медициналық көмек көрсетілмейді деген сөз емес. Олар облыстық СИПД орталығында тізімде тұратын болады. Қажет жағдайда олар арт терапиядан өтіп, барлық тегін медициналық көмектер ала алады, - деді облыстық СПИД орталығының қызметкері.

Оның айуынша, екі бала да ВИЧ дертін осы жылдың көктемінде жұқтырған.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы ВИЧ/СПИД дертіне қарсы бағдарламасының Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан бойынша кеңсесінің кеңесшісі Александр Косухин Қазақстанда жыныстық қатынас жолымен де ВИЧ дертін жұқтырғандар санының өсіп келе жатқандығын былайша түсіндіреді.

- Қазақстанда ВИЧ/СПИД дертінің таралуының басты жолы әлі де есірткіні піскі ине арқылы пайдалану болып отыр. Дегенмен, елде осы аурудың жыныстық жолмен таралу деңгейі де өсіп келеді. Жалпы, СПИД дертінен қорғану аса қиын емес. Оны тұрмыстық жағдайда жұқтыру мүлде мүмкін емес. Соған қарамастан, адамдар СПИД-тен қорғанудың қарапайым ережелерін сақтамай, кейіннен ауруға шалдығып жатады, - дейді Александр Косухин.

Ал Шымкентте орналасқан нашақорлар мен ВИЧ індетін жұқтырғандардың проблемасымен шұғылданатын "Сенімді тірек" бейресми ұйымының жетекшісі Валентина Скрябина облыстық СПИД орталығы жасаған соңғы мәлімдемеге өзінің қосылмайтынын айтады.

- Әлгі күнге дейін дерттің таралу көзі анықталмай отырғандықтан, ешкім оны дөп басып айта алмайды. Бәрі тек өздерінше жорамалдап жатады. Меніңше, ВИЧ дерті бұл екі балаға да көппен бірдей қан арқылы тараған. Дәрігерлердің алдыңғы шешімдерін өзгертуі түсініксіз. Бұл жерде, мен біздің облыстың саясаты жатыр деп ойлаймын. Мұндай шешімнің шығуына мүдделі адамдар бар, - дейді Валентина Скрябина.

Сонымен, 2006 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облысында пайда болған ВИЧ дертінің ошағынан ауру жұқтырған балалар саны 117 болып отыр. Осы күнде олардың 10-ы көз жұмса, 1-уі шетелде жүр. Сондай-ақ, 10 ананың бойынан да дәл сондай ВИЧ дерті табылған.
XS
SM
MD
LG