Астана тұрғыны Анар Ақылбекова қазір қызын емдеп жүр. Ананың айтуынша, мектептегі тар жиһаздың кесірінен қыз баланың белі қисайған. Ал спорттық үйірмелер жоқтың қасы:
- Менің балам 51 мектепте оқиды. Бізге арқасы ауырып дәрігерге барғанда скалиоз деп диагноз қойды. Емделу үшін баланы жүзуге беру керек деді. Оқушылар сарайындағы үйірмеге бердік. Оның өзі қымбат. Ал мектепте жоқтығы біздің әкімшілікке тиімсіз, сондықтан олар спорт кешенін салып ақылы жасайды.
Қазақстанның туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов қалалардағы көптеген спорттық алаңдар мен корттар ақылы автотұрақ ретінде пайдаланылатынын айтады. «Ал спорттық орындар коммерциялық жұмысқа берілген», дейді ол.
Досмұханбетовтың айтуынша, құрылыс кезінде тұрғын үй кешендерінде, әсіресе Астана мен Алматыда құрылыс талаптарына сәйкес балаларға арналған спорттық алаңдармен құрылымдар ескерілу керек. «Мысалы, Ресейде губернатор жұмысына берілетін негізгі бағаға аймақтағы спорттық құрылымдармен қамтамасыз ету енгізілген», дейді министр Досмұханбетов.
Министрліктің спорт комитетінің төрағасы Анатолий Құлназаровтың айтуынша, салауатты өмір салтын насихаттау орталығының соңғы көрсеткіштері алаңдатады:
- Бүкіл Қазақстан бойынша жалпы тексеріс болған. Белі қисайған оңы солы бар, сосын жүрек өкпе жастайынан ауырады балаларда. Сол спорттың дер кезінде жаттығулармен айналыспағандығынан деп есептейміз. Біріншіден спорт мектептері жабылды. Әсіресе кәсіподақта ол 100-ден асатын. Ол балалар қайда кетті, темекі тартып кетті.
Құлназаровтың айтуынша, жағдайды реттеу үшін қаржы керек:
- Ол үшін біз дене тәртиесі пәні санын спорт турлы заңда көрсетілгендей аптасына 4 сағатқа жеткізуіміз керек, әлі мемлекеттегі мектептердің 20 пайызында бұл жеткен жоқ. Қаржы мәселесі бөлінген, бірақ сабақтан тыс уақыттан кейінгі спорт секцияларының жұмысын жандандырып, мұғалімдермен спорт жаттықтырушыларының еңбекақысын көбейту керек.
Астаналық спорт басқармасы басшысы Есмұхамет Спановтың айтуыншада кадр жетіспейтіндігі көбірек алаңдатады. «Спорттық карьерасын аяқтап жатқан спортшылардың барлығы бірдей жаттықтырушының еңбекақысына жұмыс істеуге дайын емес», дейді ол.
Қазақстанның туризм және спорт министрлігінің спорт комитетінің төрағасы Анатолий Құлназаровтың айтуынша, тағы бір проблема бар. Мектептердегі спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді әсіресе ауылдарда, дейді ол:
- Спорт секциясын біз қалай жүргіземіз, спорттық жабдық жетпесе? Әр мектепке 1,5-2 миллион теңге керек болса, оны Қазақстандағы мектеп санына 5 мыңға көбейту керек. Мысалы, Ресейде жабдық жергілікті бюджеттердің сыртында орталық федералды бюджеттен бөлінген.
Қазақстанның стритбол қауымдастығының өкілі Валерьян Коптеловтың айтуыншада қазір мектептердегі жабдықтар ескірген.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Астанада балалармен жеткіншектерге арналған 10 спорт мектебі және 6 спорттық клуб жұмыс істейді.