ИСЛАМАДАБ: Пәкістанның қауіпсіздік күштері Исламабадтағы “Қызыл мешітке” бекініп алған ислам бүлікшілерімен арадағы келіссөз нәтижесіз аяқталған соң, бүгін таң сәріде мешітке шабуылын бастады. Үкімет күштері мешітке бұзып кіріп, бүлікшілер қарсылық көрсету үстінде. Ол жақтан атылған зеңбіректер мен жарылыстардың жаңғырықтары естіліп, қара түтін көрінеді. Пәкістан армиясы 20 баланы құтқарғанын хабарлады. Пәкістанға шариғат заңдарын орнатуды талап еткен ислам бүлікшілері мен үкімет күштерінің арасындағы 3-інші шілдеден бері жалғасқан қақтығыстарында кем дегенде 24 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?