Қазақстандық мамандар ерлердің денсаулығының жай-күйінің нашарлауы мен өлім жағдайларының жоғары деңгейде қалуына байланысты ер азаматтардың әйелдерден 11 жасқа аз өмір сүруі алаңдатарлық жағдай деп бағалап отыр. Солардың бірі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығы бас директорының орынбасары Татьяна Слажнева Қазақстандық ер кісілердің өмір сүру ұзақтығы ұзақ жылдардан бері әйелдердікімен теңеспек түгілі, одан әлдеқайда қалып келеді деген пікірде.
- Әлгі күнге дейін жұмысқа қабілетті 20 мен 55 жас аралығындағы еркектердің өлімі әйелдердікінен 3 есе асып отыр. Ал 25 пен 44 аралығындағы қала еркектерінің өлім-жітімі соңғы 17 жылда әйелдердің көрсеткішінен екі есеге өскен. Ал 20 мен 65 аралығындағы қала еркектердің өлімі әйелдерден 4 есе, ал ауылдық жерлердегі әйелдерден 2 есе көп болады. Еркектер әсіресе, қан айналым жүйесіндегі аурулардан, қайғылы оқиғалардан, сосын жұқталы аурулардан көп қайтыс болып жатады. Дүние жүзінде елдерін әр түрлі көрсеткіштер бойынша есептейтін шкала бар. Сол шкалада Қазақстан экономикалық көрсеткіштері есебінен алдыңғы орындарда тұрса, өмір сүру ұзақтығы бойынша артқы орындарда қалып отыр. Бізді осы екі көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықтардың үлкен болып отыруы алаңдатуы керек, - дейді Татьяна Слажнева.
Ал Қазақстан демографтары қауымдастығының президенті Ерболат Мұсабек болса, еркектердің әйелдерден аз өмір сүруі тек Қазақстанға ғана тән нәрсе емес, ол дүние жүзінде де солай дейді.
- Ер адамдарда табиғатынан өлім-жітім көп болады. Ол тек Қазақстанда ғана сондай екен деген қате түсінік. Ең дамыған деген Жапония, Швеция, Голландия елдерінде де әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылық 4-5 жасты құрайды. Ал Қазақстанда ол 11, кей кездері 13 жасты құрады. Сол сияқты басқа елдерде де ер балалар қыздарға қарағанда дүниеге көп келгенімен, 40 пен 50 жас аралығында олардың саны теңеседі. Бізде де сондай жағдай болғанымен, ерлер мен әйелдердің саны 25-26 жасқа келгенде-ақ, теңесіп жатады, - дейді Ерболат Мұсабек.
Соған қарамастан, жалпы демографиялық көрсеткіштеріміз жаман емес деп жалғастырады өз сөзін Ерболат Мұсабек.
- Бізде қазір туу да көп, сырттан келушілер де көп. Отбасын құрушылар қатары да өсіп келеді. Ажырасудың саны азайған. Ол басқа елдерге қарағанда аз. Сондықтан да 20 миллионға 2021 немесе 2022 жылдары жетесіз деп ойлаймын. Ал 2010 жылы Қазақстан халқының саны 16 миллионға толады, - дейді Ерболат Мұсабек.
Ал саясаттанушы Әзімбай Ғали болса, Қазақстандағы демографиялық жағдай айтарлықтай қорқынышты емес, өйткені әйелдер мен ерлердің сан айырмашылығы еліміздің әр жерінде әр түрлі дейді.
- Жалпы Қазақстанда әйелдер де, ерлер де жетіспеушілігі жоқ. Жалпы отбасын құрушылар 31 жасқа дейін үйленіп алады. Яғни некелесер тұста әйелдер мен еркектердің саны теңеседі. Әйелдер мен ерлер жетіспеушілігі деген, тек аймақтық сипатқа ие. Мысалы, кейбір қалаларда әйелдер еркектерден көбірек тұрады, - дейді Әзімбай Ғали.
Қазақстандағы әйелдердің орта жасы 72,5 болса, еркектердікі 61,5 жас. Ал өткен жылы Қазақстанда қайтыс болған 157 мың адамның 80 мыңнан астамы ер кісілер болған.